Жыр – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жыр» атты Михаил Лермонтов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 806
Нұрлы елесті күйттеп жалған,
Өткен күндер тоятты,
Құмарлықты ұйықтап қалған
Неге ғана ояттың?
Іңкәрлікте саған сайған
Тез өтеді аяғы!
Бақытым мен алам қайдан
Бейқамдықты баяғы?..
Қайдасыңдар, достық сертпен
Ерлік кезең өтті ме?
Тұңғиыққа келген дертпен
Соның бәрі кетті де!..
Жас болсақ та ызбарлана
Қалмапты ғой нұр бетте;
Жиреніш пен ызғар ғана
Енді-енді жүрекке!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері