Романс – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Романс» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 840
Жас шақта күнәсіз пәк арыңменен,
Құштарлықты білмейтін жаныңменен,
Айтарсың, достым, сол бір сарынменен:
Болдым деп - мен бақытты.
Ләззатты татқан кісі тым ертерек,
Жүреді жүрегіне сыр бүкпелеп.
Ұмытып, о да айтар, өзін жебеп:
Болдым - деп - мен бақытты.
Ал, менің зымырағыш өмірде өскен,
Арманымның азабы бастан кешкен,
Соншалық. Айта алмаймын басым кессең:
Болдым - деп - мен бақытты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері