Жасын – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жасын» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 716
Күркіреп жасын, бұрқырап бұлт,
Тұңғиық теңіз сұрланды.
Сіркіреп көбік, дүркіреп ұрып,
Тебісіп толқын тұлданды.
Жартасты осты қамшыдай отты
Найзағай-жылан сермеліп.
Талқандап көкті, көп бүлік кетті
Жағада тұрмын мен көріп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері