Ән – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Ән» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 772
Күңгір-күңгір қоңырау,
Екі көзі жас бұлау,
Қыз жылайды егіліп,
Біреу қастап,
Біреу қыстап,
Қалды байғұс монастырда бөлініп,
Өмірі өксіп, көзден ұйқы серіліп.
Жүрегім сондай менің де
Дамылсыз қатты тебуде.
Кеудемнің алып мазасын,
Шек - дейді
Шек - дейді
Жазмыш маған махаббаттың жазасын,
Қызды ойламай қалай көніп бағасың!
Өлім мен мәңгі өлмеу де
Өмір мен қаза - белдеу де
Түк емес қой қыз бен ғашық жүрекке.
Жүректе де,
Қызда да
Жалғыз арман, жету жалғыз тілекке,
Жүрекке жар, қызға жарық керек те.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері