Өлең, жыр, ақындар

Бір жапырақ шындық

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 671
Айтатұғын бiр-ақ кесiп дәлдiкпен
қаншама жыл ғылым күткен, ел күткен
бiреу келiп бiр жапырақ шындықты
асыл тастай
қазып алар архивтен.
Тiлiн жұлып бұрынғы ескi ұғымның,
мұзын сөгiп жалғандық пен сыбырдың
жынын қағып талай кеуде, жұлынның
табылады бiр жапырақ сол шындық
қаншама жыл сабылдырып, сарсылтқан
жампоздарын ғылымның.
Табылады бiр жапырақ сол шындық
жағады да —
бiр болжамның шамдарын,
жарады да —
бiр болжамның шарларын.
Сонан кейiн сөйлесiн деп аңқылдап,
жай оғындай жарқылдап,
тастасын деп бөгде ұғымды ысырып
жiбередi эфирлерден ұшырып,
таратады газеттер
суретке оны түсiрiп.
Мен сөйлейтiн күн де, мiне, жеттi деп
қайта тұрар —
жатқан үмiт тепкiден.
Оттарынан бiр жапырақ шындықтың
күлге айналар қанша жуан папкiлер.
Қаншама жыл жарық көрмей қамалған
шығады ол көшелерге, алаңға.
Орынынан тұрып оны қарсы алар
үлкен-үлкен кеңседе
үлкен-үлкен адамдар!
Бiр шал айтар қаншама жыл тер төккен:
өмiр сүрген жоқ екенмiн мен текке.
Құрметiне бiр жапырақ шындықтың
жиын болып, берiледi банкет те!
Қамыр қылып темiр құрсау сұмдықты,
түрлендiрiп жiбередi ол тiрлiктi...
Қандай күштi,
қандай үнi зор едi
бiр жапырақ,
бiр жапырақ шындықтың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түсініксіз хал

  • 0
  • 0

Бiткен-сынды сүйенетiн тiрегiм,
қан-сөлi жоқ сұп-сұр болып реңiм
ойдан қажып,
жүйкем тозып қалжырап

Толық

Тұтқындар

  • 0
  • 0

Айтар кезде –
Ешқашан да бұққым жоқ.
Айтар кезде –
Ешқашан да бүккiм жоқ.

Толық

Пендешілік қорқыныш

  • 0
  • 0

Өзіңді өзің
Тығырыққа тіреп
Өкінішіңді ойласаң
Көп күн өледі...

Толық

Қарап көріңіз