Өлең, жыр, ақындар

Затаевич

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 903
Қарамастан желiне де заманның,
шарлап кезiп тау мен тасын даламның
арып-ашып,
шаршап-талып шалдығып
ән iздеген, ән iздеген адам бұл.
Ән iздеген күнiмен де, түнiмен,
даламның әр үнiнен де, гүлiнен.
Ән iздеген, ән iздеген адам бұл
жүректердiң түкпiрiнен, түбiнен.
Әндер iздеп жүрген жалғыз-жападан,
әндер iздеп үйге кiрген жатаған.
Еттен өтiп сүйегiңе жететiн
әндер iздеп жүрген қыста қақаған.
Қарамастан аяз, боран – бәрiне –
жеткеннен соң жететұғын жерiне,
отырған ол сексеуiлдiң шоғындай
қыздырынып қазағымның әнiне!
Нәр татпастан тәулiк бойы бiр үзiм,
шөлiркеген аптабымда күн ұзын.
Жұтқан сонсоң жүрегiмен сiмiрiп
сол әндердiң бұрқыраған қымызын.
Неткен берiк санасы мен санаты.
Неткен ыстық,
неткен ыстық жан оты.
Қалған кезде жүре алмастан
көтерiп
кеткен оны әндерiмнiң қанаты.
Мың құбылтып қуанышым, мұң-зарым,
тартқан оны мың әуен мен мың сарын.
Назаланып күйiнгенде
ап-ащы
иiскеген әндерiмнiң жусанын.
Тағы бiр саз кеткен кезде жұлқылап,
оның сонда жан-жүрегi шырқырап,–
қағазына салып алған
әндердiң
жапырағын ұшып жатқан бұрқырап.
Әндi тапқан –
ұя салған жанарға,
әндi тапқан –
ұя салған заманға.
Сол бiр адам дәруiш боп, кезбе боп
ән арқалап жүрген менiң даламда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нәресте көтерген мас қазақ

  • 0
  • 0

Құртардай боп менi астына басты азап, –
Илегендей жанды бiреу тасқа сап, –
О, құдай-ай! –
Нәрестенi көтерiп

Толық

Ауру дүние

  • 0
  • 0

Ауру қазiр,
ауру қазiр бәрi де,
айналды бұл менiң қайғы, шерiме.
Бәрi де ауру –

Толық

Астаң-кестең дүние

  • 0
  • 0

Бір елдер
Қапыда опық жеп
Опырылып жатыр;
Бір елдер

Толық

Қарап көріңіз