Өлең, жыр, ақындар

Домбыра

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 921
Сержан Шәкiратовқа

Жатқан кезде түн мен жарық арбасып,
жатқан кезде жұрттың бәрiн дарға асып
қаймықпастан айтқаны үшiн шындықты
көмейiне құйған оның қорғасын.
Бiлемiз ғой бұл аңызды бәрiмiз,
ол туралы бар ғой дастан, әнiмiз.
Көмейiне құйған оның қорғасын.
бiлемiз ғой бұл аңызды бәрiмiз.
Оны ұмытпас –
кеудесiнде жаны бар,
оны ұмытпас –
кеудесiнде әнi бар.
Зар заманда жауыз құйған қорғасын
домбырамның көмейiнде әлi бар.
Содан оның тарқамаған шерi жүр.
(Шерсiз болсаң садаға кет, әрi жүр).
Сол қорғасын көмейiнде бiтелiп
жатсын мейлi сөйлейдi ол бәрi бiр.
Тыңда оны –
үндерiне құлақ ас.
Тыңдап оны –
қансыз ғана жыламас.
Иiп-иiп кетедi ғой кей кезде
қос құлақты екi iшектi қу ағаш.
Ол жыласа –
көрiнедi жан көзге,
ол жыласа –
құйылады қан көзге.
Жылап-жылап көмейiнен қорғасын
балқып, ерiп бара жатар бiр кезде.
Төзiмiңдi,
шыдамыңды қамшылап,
шыдар болсаң осыған сен қал шыдап, –
балқып тұрған қорғасын жас
шыжғырар
жүрегiңе,
жүрегiңе
тамшылап!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарау ой

  • 0
  • 0

...Бiр кездерде бойға симай сарқырап
жататұғын қайрат-күшiн сарқып ап, –
бара жатты түн iшiнде бiр адам
тұмшаланып, мойынын iшке тартып ап.

Толық

Қиын шақ

  • 0
  • 0

Дүниенi
Түстеп-танып
Ұға алмай жатырмыз
Кеңес Одағының

Толық

Еңбек

  • 0
  • 0

Бiледi, бiледi оны терлеп көрген,
терлесең кетер онда кернеп кеудең.
Адаммен бiрге туып басталады ол
талпыну,

Толық

Қарап көріңіз