Өлең, жыр, ақындар

Қанжар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 509
Әрбiр сәтiн есептеп,
күнiн санап сөнбеген,
жатты бiр шал төсекте
ауру қысып меңдеген.
Көп едi деп күтерiм,
қамын ойлап елiнiң, –
бiлiп жатты бiтерiн
бүгiн-ертең демiнiң.
Ойлап елiн, даласын,
көз сап тау мен тасына,
соңғы сәтте
баласын
шақырды ғой қасына.
Көзiн баяу ашты да, –
жүзi кенет құбылып, –
жастығының астынан
қанжар алды суырып.
– Жаны болма жанжалдың,
баласы бол далаңның.
Келе жатқан қанжар бұл
бабасынан бабаңның.
Ащы жусан, сораңды
өз далаңды құш, балам! –
елдiң ұлы болады
бұл қанжарды ұстаған.
Шықтың, мiне, өрiңе,
қарайтын сол, оңыңа,
бередi антын елiне
қанжарды алған қолына!
Әр сөзiмдi салмақтап
кетейiн мен өлерде,
бұл қанжарды ардақтап
ұстамасаң егер де
қарғысы ұрып далаңның
жаның мұңға батады.
сонсоң ата-бабаңның
әруағы атады...
Толғанатын сорлы да
ойлар тастап орасан,
осыны айтып болды да
өлiп кеттi дана шал.
Қарайтұғын жыраққа
халқының ол қарты етi, –
амал нешiк, бiрақ та
баласы оның таңқы едi.
Жетпейтұғын шамасы
өмiрдiң шың, өрiне, –
мәстек едi баласы
қарай алмас әрiге.
Сөздер айтып iрiген
тарылды оның жан-жағы.
Күнiменен, түнiмен
баю болды арманы.
Деп байлыққа жетемiн,
ақша елестеп көзiне,
мән берген жоқ әкенiң
айтқан соңғы сөзiне!
Қара аспаннан қан жауды,
бiр дiр еттi мазар да, –
қасиеттi қанжарды
сатты апарып базарға.
Алып келер түнектi
жау тигендей шетiне,
тыжырынып дiр еттi
қара жердiң бетi де.
Қалбаңдады бар шетте
көлеңкелер ұзарып,
кеттi ұяттан
сол сәтте
қара тас та қызарып!
Қара аспаннан қан жауды,
бiр дiр еттi мазар да, –
қасиеттi қанжарды
сатты апарып базарға...
Жылдар өттi жапырып
жанған қанша жарықты...
Сол бiр бала ақыры
байға айналды даңқты.
Өзiнше ойды саралап
шалқалап кеп жатады,
елдi кеттi аралап
оның байлық, атағы...
Жүрiп жатты желпiнiп
тойынбастан құлқыны...
Кеттi оны өлтiрiп
қарақшылар бiр күнi.
Көрме мұны түсiңде! –
шалқып ағып қызыл қан
бар байлықтың iшiнде
сұлап жатты ұзыннан.
Жатты ол – байлық жан-жағы –
көзi кеткен аларып,
бабасының қанжары
жүрегiне қадалып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әурешілік

  • 0
  • 0

Бетiн жұлар қарсы келсе беттеп кiм,
Мына заман заманы ма көкбеттiң?!
Салатұғын әуре менен сарсаңға
Өнбейтiн дау, өнбейтiн сөз көп боп тұр.

Толық

Сағыныштан сартап болып үздiккен

  • 0
  • 0

Сағыныштан сартап болып үздiккен,
күз де келдi мамыражай түстiкке.
көл,
тоғайын,

Толық

Адам демі

  • 0
  • 0

Құрсау менен қыспаққа сап емiнген,
ажыратып алатұғын өлiмнен,
тiршiлiк бар, құдiрет бар керемет —
Адам, сенiң, демiңде!

Толық

Қарап көріңіз