Өлең, жыр, ақындар

Кесілген ағаштар

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 879
Күн суық, заман суық, суық, суық.
Суықтық жатыр жұртты қуып шығып.
Боран мен борасындар бұрқырайды
тiрлiктi жiберердей бүлiк қылып.
Сары аяз бет қаратпай тiлiп жатыр,
Сүңгiлер үйдi сығып бүрiп жатыр.
Ауылда, қалада да, бүкiл елде
суыққа қарсы майдан жүрiп жатыр.
Күтетiн әйтеуiр бiр сыйын алдан,
елiм тұр етек-жеңiн жиып алған.
...Қыраулы ағаштарым –
сарбаздардай –
үстiне күмiс сауыт киiп алған.
Аяз бен боран деген өшiгуде.
Болмайды мұндай кезде кешiгуге.
Сұп-суық бұл тiрлiктi жылытам деп
ағаштар кесiлуде, кесiлуде.
Тамырға қызу құйып, жалын құйып,
бойына асау бұрқақ ағын құйып, –
туған ел, туған жердiң түтiнi үшiн
жатқандай ағаштарым «жанын» қиып.
Елдiң бұл тiлек қосып тiлегiне,
шырақ жақ қараңғы мен түнегiне.
Кесiлген ағаштарым жер құшуда
оқ тиген жауынгердей жүрегiне.
Тiк тұрса ағаштарым маңғаз қандай –
аспанмен, жұлдыздармен жалғасқандай.
...Орманда сұлап жатқан бөренелер
майданда опат болған сарбаздардай.
Көргенде оларды сен бөгелесiң,
басқа күй, басқа әсерге бөленесiң...
Қызуын берген елге, ағаштарым,
күнi ертең өсiп қайта көгересiң!
Суық тұр аяқтан ап, матап қолдан,
Бұл тiрлiк жылынар ма қақап қалған?!
Түбiрлер белгi-ескерткiш секiлдi ғой
қойылған сарбаздарға опат болған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Байқа

  • 0
  • 0

Тау-тау толқындарды
Қос қолыңмен тіреп
Тоқтата аласың ба?—
Лақтырып жібереді.

Толық

Әбіш Кекілбаев

  • 0
  • 0

Қара нардай қатептi
Алп, алп басқан, алп басқан.
Маңғыстаудың жерiндей
Маңдайы биiк марқасқам!

Толық

Жер астындағы өзендер

  • 0
  • 0

Шөлдер қанша
ернi кеуiп кезерген,
Жерлер қанша
сұп-сұр болып безерген...

Толық

Қарап көріңіз