Безінгенде – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Безінгенде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 764
Таппай оң мен солымды
Болам жолсыз қалғандай...
Қол алыссам
Қолымды
Жылан шағып алғандай...
Ондай кезде өлеңмен
Жоғалтамын ерiктi.
Құшақтассам бiреумен –
Құшқандаймын өлiктi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері