Өлең, жыр, ақындар

Шолпанға өтініш

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 828
Шолпан,
Бүкiл Қазақстанның
Арақ-шарабын
Жиып әкелшi.
Бүкiл Қазақстанның
Сырасын
Құйып әкелшi! –
Өлгенше iшейiн.
Ай аунап,
Күн түнге кiрiп
Сөнгенше iшейiн.
Iшейiн!
Бұзық дүниеге қарап
Күйiнiп iшейiн.
Қызық дүниеге қарап
Сүйiнiп iшейiн.
Мас болайын! –
Ат құйрығын кесiсейiн:
Дос пен дос,
Қас пен қас болайын.
Несiне қорқам! –
Шайқалсам! –
Сүйеп қалатын
Алатауым тұр ғой.
Одан қалса
Қаратауым тұр ғой.
Несiне қорқам! –
Шүкiр! –
Жапырағым бар ғой.
Құласам –
Шалқайып жататын
Сарыарқам,
Былғансам –
Жуындырып алатын
Атырауым бар ғой.
Шолпан, әкелшi!
Тояйын,
Сонан кейiн қояйын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауру ағаш

  • 0
  • 0

Дерт тапқан ба –
қатерi бар жауыннан?!
Дерт тапқан ба –
қатерi бар дауылдан?!

Толық

Тақырыпсыз өлең

  • 0
  • 0

Ендіктерді
Ендеп жүгірдім,
Бойлықтарды
Бойлап жүгірдім.

Толық

Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен...

  • 0
  • 0

Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен...
Отыр едiм ойлар тартып әр күннен
ең асылын, ең керегiн тердiм деп...
Көтерiлген бармақтай-ақ бұлт болып

Толық

Қарап көріңіз