Мұң – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Мұң» атты Темірхан Медетбек жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 903
Дүние жалғанның
Қаны қарайды.
(Қысылғаным-ай).
Күмән мен күдiктiң
Қара жыландай
Ысылдауын-ай.
Жерiмнiң жан-жағынан
Әлдекiмдердiң
Ұлып тұрғаны-ай.
Елiмнiң жан-жағынан
Сiлекей торларын
Құрып тұрғаны-ай.
Зымиян, сұмдықтың
Аранын ашып
Құтырғанын-ай.
Опасыз мына тiрлiктiң
Тозған арбадай
Сықырлауын-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері