Азғынның тәбеті – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Азғынның тәбеті» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 685
Адам бiткеннiң
Бұтын бұтарлап,
Қолын қоғадай
Қайырып жедi;
Жағын қақыратып
Айырып жедi.
Iрiңдi
Сорпылдатып iштi,
Темiрдi
Қаршылдатып кемiрдi,
Тезек салынған
Қанардай толды,
Доңыздай семiрдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері