Жиіркенішті – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жиіркенішті» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1209
Ақыл айтатын
Ақсақалдарының
Милары
Шалап боп кеткен;
Табағы итаяқ,
Итаяғы
Табақ боп кеткен
Заман бұл.
Азамат деп жүргенің
Азалы үйде отырып
Қарқылдап күлетін;
Ит жоқта емес,
Ит барда да —
Шошқасы үретін
Заман бұл.
Құласаң —
Досың да бұрылмайтын;
Аппақ шашты
Қайнағалары
Келіндеріне қырындайтын
Заман бұл.
Жиіркенішті!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері