Тебегендеу тұяқты мүкісінен таныдым – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Тебегендеу тұяқты мүкісінен таныдым» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 726
Тебегендеу тұяқты мүкісінен таныдым,
Әспеттеген асылды үкісінен таныдым,
Тілектесім келді деп, жігерімді жаныдым,
Бір құдырет қарасты, жүргенімде қамығып!
Жетесіздеу сырт көзге жабуы жоқ жабымын,
Арқасында пейілдің көргемін жоқ тарылып,
Мен қас тұлпардың тұяғы, асылдың қалған сынығы,
Өткеріп бастан келемін жаратқанның сынын мың!
Сыйынарыма сыйындым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері