Өлең, жыр, ақындар

Ол туғанда

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 468
Ол туғанда дүнияға
Бірінші рет көзін ашып,
Жатты гүрс-гүрс қан майданда
Мылтық оқтан жалын шашып...
Ол туғанда ойлағаны
Ардақты ана емшегі еді.
Әкесінің қорғағаны
Асыл Отан — ел шегі еді.
Ол туғанда тау аңғарын
Жортып ұлып далада аңдар,
Ел жауларын — дала аңдарын
Жеңіп жатты партизандар.
Ол туғанда бірінші рет
Дүнияға ашып көзін,
Ленин жазған зор декрет
Берді бақыт — елге сезім.
Ол туғанда Ақ Жайықтың
Сезді сұлу ағысын да,
Жауды жеңген Чапаевтың
Есітті ащы дауысын да.
Ол туғанда, деді анасы:
Мұның аты — Таймас болсын,
Ел шетіне жау жоласа
Қиып түсер алмас болсын.
Өрлей өскен өмірінде
Өрбіген жас ерен туды,
Менің дағы көңілімде
Өмір менен өлең туды.
Сол өлеңді жаңа өмірдің
Олжасына, айнасына
Мец арнаймын дәуірімнің
Арнасына, бар жасына.
Таймас туды, туды да өсті,
Қырық жамау қараша үйде,
Күзді, қысты бастан кешті
Кейде, кепе —шалаш үйде.
Ол туған кез оның елі
Керуендей көшпелі еді,
Мөлдір келі, гүлді жері
Гүлдеп сонан өскен еді.
Ол өскенде елі де есіп,
Жерге бақыт нұрын шашты,
Қоныстанар жерге көшіп
Қанаттасты, колхоздасты.
Қараша үйді жығып тастап,
Қырда биік үй салынды,
Ізгі ниет алға бастап,
Қызды еңбек от жалынды.
Кірпіштерден зәулім биік,
Көлді керней үй тігілді,
Жақсы ән биік көкке тиіп,
Домбырадан күй төгілді.
Көк шатырлы биік үйге
Колхозшылар болды ие,
Әрбір үйде, әрбір жерде
Сайрап жатты радио...
Ол үйлерге жарасып
Қырында гүл көктеуі де,
Көл басында сұлу сиқы —
Салынды орта мектебі де.
Мезгіл-мезгіл сол мектептің
Көрікті кең алаңында,
Оқушылар ойнап жатты
Физкультура сабағында.
Болат тайын құйған құрыш
Білектері, шынтақтары;
Кеуде кере алған тыныс
Даңқты Отан ұрпақтары.
Сомнан соққан болат тайын,
Сол ұрпақтың бірі Таймас,
Ол құрсанса қуат дайын
Құлшына өскен ірі Таймас.
Білім еккен, еркін жеткен —
Деді ол,— ұлы Ленин жолы,
Деді ол:—жігіт мен ержеткен—
Лениншіл жас комсомолы.
Көрдің бе анау жылқыларды
Айшылықты алты-ақ аттар;
Айдай таға қаққан аттар,
Алтын жалды арғымақтар.
Бәрі соның Отап үшін,
Отан ұлы ерлер үшін!
Кім осал дер Отан күшін,—
Бәрі соның сендер үшін!
Гудокты алмас заводтар да,
Қимылы бір сендерменен:
Көктегі ұшқан пилоттар да
Отан үшін өрге өрлеген.
Сіздерменен бір тілектес,
Көк теңіздің флоты да,
Бәрің сәйкес бір жүректес
Ұлы Отанның ұлы атына.
Бәрің дағы Ұлы Отанның
Ұрпағысың еркін ұлдар,
Нұрлы Отанмен бірге - туған
Көркейе бер, комсомолдар!
Деп, ауылы айтты ақылды,
Шығарып сап Таймас жасқа,
— Мықты күзет! — деді,— Отанды,
Ақ семсердей алмас жасқа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түске дейінгі серуен

  • 0
  • 0

Дабыл қаққан алғашқы,
Алғыр ұлан вожатый
Керней тілін дәл басты,
Ержан еді өз аты.

Толық

Ажалды жеңген ту

  • 0
  • 0

Тебірентіп жиһанды
Сүйепті Ленин сыйлы адам,
Қол ұсынса жеткісіз
Мәңгі өмір бізге сыйлаған.

Толық

1861

  • 0
  • 0

Жыл-жыл сайын күш азайып қарауға,
Ақыл жалқау тартып, қаным салқындап.
Туған елім, барармын мен молаға,
Көрмей туған күніңді еркін жарқылдап.

Толық

Қарап көріңіз