Мезгіл – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Мезгіл» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көктем келді далаңа,
Еріді мұздар жағада.
Берілген өмір бір көктеу,
Сондықтан оны бағала.

Далаңа сенің жаз келді,
Айнала тегіс мәз болды.
Бірақ ол да уақытша,
Өткізбе босқа әр күнді.

Далаңа сенің келді күз,
Жапырақ талдан семді жүз.
Әр адам бір-бір жапырақ,
Қураймыз солай енді біз.

Далаңа келді қыс сенің,
Ыстық шай болды ішкенің.
Түбінде қарттық жетеді,
Ауызыңда сиреп тістерің.

15.05.18


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері