Өлең, жыр, ақындар

Шоқтығы кездей қазан ат

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 449
Шоқтығы кездей қазан ат,
Шашасын шаңға шалдырмас.
Жақсыдан туған азамат,
Жолдасын жауға қалдырмас.
Жабыны жемге тойғызсаң,
Үстіне жабу салдырмас.
Жаманмен жүріп жантайсаң
Отыңды үрлеп жандырмас.
Сараңнан сұрап ішкен су,
Сусыныңды қандырмас.
Мейірімсізге күн түссе,
Түртпектеп тыным алдырмас.
Тұлпарлар жабу астында,
Жабылар көзге түсіп жүр.
Замана толқын тасқынға,
Шыдамай біреу ішіп жүр.
Талқыға түсіп тағдыры,
Өмірден біреу күйіп жүр.
Кемеңгер небір бастарда,
Ғаламат ойлар пісіп жүр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балам, құмар бола көрме ащыға

  • 0
  • 0

Балам, құмар бола көрме ащыға,
«Ащы» қазір дүниеде тапшы ма?
«Арманы көп ақын» дейді сені жұрт,
Арманы жоқ ақын болу жақсы ма?

Толық

Қызықтырмас ешкімнің дәулеті де

  • 0
  • 0

Қызықтырмас ешкімнің дәулеті де,
Қызықпадым салтанат сәулетіне.
Амандығын тілеймін Адамзаттың,
Аманшылық бере гөр Әулетіме.

Толық

Ақбоз атты батыр

  • 0
  • 0

Астан-кестен от жалын жер мен көктің арасы,
Не боп кеткен Ресей, қайда қала, даласы?
Өлі дене жол бойы, бода-бода босқындар,
Қанталаған үрейден көздерінен шарасы.

Толық

Қарап көріңіз