Өлең болам өмірдің өрнегіне

Бұл бетте «Өлең болам өмірдің өрнегіне» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өлең болам өмірдің өрнегіне,
Сезім мұңым соңымнан ермеді ме?
Айналамды қоршаған сұрақ белгі,
Айналдым ба тағдырдың ермегіне?
Қара басып жүректі жара басып,
Көңіл мұңы лай судай араласып.
Ақ қайыңға қонғандай қарға келіп,
Өкінішім кетпейді жағаласып.
Өзімді де өзгені танымадым,
Кіріп алған қараңғы жаныма түн.
Тық-тық еткен белгілі уақыт келсе,
Бомба бардай кеудемде жарылатын.
Мен өзімді іздеймін анда-санда,
Қанатына қиялдың жармасам да.
Жүрегінде оты бар қызыл шоқпын,
Өшкенім жоқ лапылдап жанбасамда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең болам өмірдің өрнегіне өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Өлең болам өмірдің өрнегіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең болам өмірдің өрнегіне өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең болам өмірдің өрнегіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері