Жалғанда бұл қанша жанды жараладым...
- 0
- 0
Жалғанда бұл қанша жанды жараладым?
Неше мұңды қайғы болып араладым?
Шығамын да Әуезов театрынан,
Өмір деген театрға ораламын.
Жалғанда бұл қанша жанды жараладым?
Неше мұңды қайғы болып араладым?
Шығамын да Әуезов театрынан,
Өмір деген театрға ораламын.
Хор қызы жерге түскен пейіштегі,
Ақ сәулеңнен Айға айналды көр іштегі.
Қанатыңды Ібіліс кеп сындырды ма?
Нұр жүзіңнен көруші едім періштені.
Сынды талай сын алдында сағымыз,
Аппақ Айдың сәулесіндей арыңыз.
Жапыраққа жан бітіріп қойдың ба?
Сағындырған сары күзде сары қыз.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі