Орал, 1942 жыл – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Орал, 1942 жыл» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3181
Тоқталатын кезі жетті жаңбырдың,
Ашық күнді енді саған қалдырдым.
Эшелондар, эшелондар зулайды,
Күйін шертіп тартыстағы тағдырдың.
Желмен ұшып қайыңдардың көйлегі,
Күркіреген күн мен аспан сөйледі.
Свердлсвск артта қалып барасың,
Үлкен қала, үлкен аға бейнелі.
Пилоткама қадап бірін жұлдыздың,
Ала таңнан айқай салып тұрғыздың.
Шырт ұйқыдан дабыл қағып ояттың,
Кәсібіміз болып кетті бұл біздің.
Талай ауыр жорықтарды шеккіздің,
Орманыңда айларымды өткіздім.
Исетіңді Тобылымдай көрдім мен,
Айдыныңда құлаш ұрып, көп жүздім.
Солдаттайсың, сенде бүгін жоқ тыныс,
Қөкірегіңнен жалын атқан отты күш.
Орал, Орал, жеделдетіп жеңісті
Құясың сен құдіретті көк құрыш.
Бұйырасың сол құрыштай болуға,
Сол құрыштай жауды жайпап соғуға.
Бүкіл елдің ашуындай айбарлы
От жалындар ойнап жатыр жоныңда.
Қан майданға шеру тартты батырлар,
Алыстасақ жеңіс сонша жақындар.
Қалды ізіміз қарағайлар түбінде
Қойыныңда қалды біздің шатырлар.
Жерге күннің күміс нұры шашылып,
Келе жатыр көк аспаны ашылып.
Орал, енді тілеулес бол балаңа,
Кегіңді іздеп кетіп барам асығып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орал, 1942 жыл өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Орал, 1942 жыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орал, 1942 жыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орал, 1942 жыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері