Түтік – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Түтік» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3819
Өртейді жарақатты жанды күйік,
Өмірдің тартқандай бір алды тұйық,
Шілдеде семген гүлге су сепкендей
Жалма-жан жатты дәрігер қанды құйып.
Денеме бауырлас қан тарай берді,
Шолыды қиял сонда талай жерді.
Кішкентай сол түтікке өмір сыйып
Білмеймін сол араға қалай келді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері