Көгімде жалғыз сен тұрсаң – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Көгімде жалғыз сен тұрсаң» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4674
Көрінген жаңа күн көзі
Түтінге батпай тұра тұр.
Өртемес сені өрт топан
Жұта алмас соққан сұрапыл.
Дұшпанды жерден құртқанша
Кегімде менің жоқ арзу.
Көгімде жалғыз сен тұрсаң,
Көңілде болмас қобалжу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері