Пұт болдым деп мақтанба – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Пұт болдым деп мақтанба» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Пұт болдым деп мақтанба,
Одан да ауыр батпан бар,
Би болдым деп мақтанба,
Асқар ала тауменен
Ар жағында аспан бар.
Басыма бақыт қонды деп
Кемімеспін енді деп,
Зауалды жалған дүниеге
Біле білсең таспаңдар.
Қарсы жүрген адамың
Басын исе достық қыл,
Жеңілсе дұшпан, достық қыл,
Аяққа салып баспаңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері