Жылқыда ұстатпайды бурыл маған – Қожаберген жырау

Бұл бетте «Жылқыда ұстатпайды бурыл маған» атты Қожаберген жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жылқыда ұстатпайды бурыл маған,
Аузымда тіс қалмады суырылмаған.
Ханда мейір, билерде ғаділдік жоқ,
Замана несі қалды қуырылмаған.

Жылқыда ұстатпайды сұр қашаған,
Тілеуін мұсылманның бер жасаған.
Маңдайға алла дәулет бітірмесе,
Байымас әлдекімнен бір асаған.

Жылқыда ұстатпайды сұр ат маған,
Сөзімді кей надандар ұнатпаған.
Жүзіне бұл фәнидің көз тастасам,
Пенде жоқ мәңгі қалып тұрақтаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері