Ақ қайың – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ақ қайың» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көз алдымда көк шалғынды орман,
Сол маңайға әнші құстар толған.
Бір өзіңе елтіп, түнгі самал желпіп,
Ақ жұлдыздар кеудеңе қонған.

Мөлдір аспан, маужыраған дала,
Бар дүние жаралғандай жаңа.
Жаңа туған ай да, жұпар шашқан бау да
Аймалайды екеумізді ғана.

Қайдасың сен, ұмыттың ба, жаным,
Ұмыттың ба ақ қайыңдар әнін.
Өтсе де бал дәурен, ұмытпашы, сәулем,
Сені іздейтін бір адам барын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері