Жан сырына бөгет болмас еш жарлық

Бұл бетте «Жан сырына бөгет болмас еш жарлық» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жан сырына бөгет болмас еш жарлық,
Жүз жылғы ойран-топалаңға көз салдық.
Туған елім дербестікке қол созып,
Мағжан, Ахмет, Міржақыпты еске алдық.
Ұмытпадық Сұлтанбек пен Тұрарды,
Шәкәрімге ізет еттік тұмарлы.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет пен Жүсіпбек...
Аруақтарды жебеп шаттық құралды.
Жетпіс жаста Үкілі Ыбырай атылды,
Артта қалды «Гәккулері» татымды.
Зардап шекті сырын ашып аштықтың,
Зұлмат заман жойды арайлы ақылды.
Жау жағадан, ит етектен арсылдап
Алғанына шыдамассың жан сыздап.
Қырандары оққа ұшқанда қазақтың
Қарғалары төрге шықты қарқылдап.

1994


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан сырына бөгет болмас еш жарлық өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Жан сырына бөгет болмас еш жарлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан сырына бөгет болмас еш жарлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан сырына бөгет болмас еш жарлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері