Бақытты біздің балалық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бақытты біздің балалық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3804
Октябрьде өмірге
Жаңадан тың жол алып;
Алғыс айтып Ленинге
Адымдады балалық.
Саусағын жайған сәбиге
Ильичтің нұры құйылды.
Балалық — көктем әр үйде
Балапан құстай жүгірді.
Бауырында ананың
Білмей есті қайғыны.
Құшағында Дананың
Балалық тұрды май күні.
Советтік ұлы заманда
Балалық гүлдей құлпырды.
Күлімдеп Қызыл алаңда
Биыл да бізбен бір тұрды.
Жайнап нұры жүзінде
Бал өмірлі — бала шақ;
Барады коммунизмге,
Бақытты біздің болашақ.
1953


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері