Осылай біткені ме? – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Осылай біткені ме?» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Осылай біткені ме?
Махаббат дастанымыз...
Көп болды күткеніме,
«Бұл қалай қашқаныңыз?»
Есім бар ескеретін,
Білем ғой қосылмаймыз...
Сүюге сескенетін,
Адамдар осындаймыз...
Өрің бар өктем едің,
Жігерсіз емес едің.
«Бәрібір жек көремін,
Мен Сізді демес едім».
Үйреніп кетіп едік,
Үйленіп қалмасақ та...
Сезімге берік едік,
Мәңгілік болмасақ та...
Өзгердің неден бұлай?
Түсінсем – түңілмеймін.
Мен енді бұрынғыдай,
Сіз жаққа жүгірмеймін


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері