Мен қазір тұйықпын – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Мен қазір тұйықпын» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен қазір тұйықпын,
Сабырға салмақсыз сиыппын.
Өмірден өзімді бөлуші ем,
Ал, қазір, алаңсыз қиыппын.
Мен қазір басқамын,
Бағымды байлап жүр бас қамым.
Жақындап жүретін армандар,
Алыстап кетіпті аспаным.
Мен енді сүймеймін,
Сүйетін жан мені кім деймін?
Үзіп ап, күтусіз қалдырған,
Құмыра кемірген гүлдеймін.
Мен қазір елеспін,
Елес боп несіне егестім?
Мен де бір бақытпын баянсыз,
Сондықтан бақытсыз емеспін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері