Қиялым қай жаққа шақырдың – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Қиялым қай жаққа шақырдың» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қиялым қай жаққа шақырдың,
Жүрекке мұң дәмін татырдым.
Жырың боп төгіліп тынсам ғой,
Кімің боп сағынып отырмын...
Бал ернін сүйгізсе шекер-күн,
Өзіңдей жаныма жетер кім?
Бақыттың бәрін де жатсынып,
Кімің боп кездесер екенмін?
Желдің де лебінен мұздамақ,
Өмірде қонар ма қызға бақ?
Өз дертін өзіне өрт санар,
Жұп-жұмсақ жүрегін жұлмалап...
Көңілдің көйлегін шеш, келіп,
Өлеңде қалдырып естелік...
Ақылды болып та адастық,
көрейік сабырдан сескеніп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері