Керегі жоқ ештеңе, ештеңенің – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Керегі жоқ ештеңе, ештеңенің» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Керегі жоқ ештеңе, ештеңенің,
Бір жарқ етер, ерте ме, кеш пе өлеңім.
Түсіне алмас жанымды жүрген дос та,
Ойық-ойық көңілдің кестелерін.
Ерте барып мұңыма кеш келемін,
Самалдың да түсінем еспегенін.
Жабыққанда құлазып жалғыздықтан,
Жұбатпасаң «жаным» деп не істер едім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері