Күткенде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Күткенде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2383
Қазақ бауы1 бұрышы,
Кездескем сонда еркеме.
Жалғасқан кештің бір ұшы
Созылып түннен ертеңге.
Қарай да қарай күн батқан,
Кештерін маған тапсырып.
Төгіліп торғын түн жапқан,
Қойнымнан күт деп жақсылық.
Сарғайған мендей дария,
Сағыныш кеузеп сарылып,
Толқыны ұрып жарына.
Жүрегі мендей қабынып.
Баққа қонып тұнғандай,
Бар көркімен жақсы күз.
Қарсы алдымда туған ай,
Тас төбемде қос жұлдыз.
Судырласа жапырак,
Сыбыр етсе нәзік үн.
Жиі дем ап, қалтырап.
Қарайлаумен қажыдым.
Түткиіл кеп көңілге,
Тінтеді көз түн ішін.
Күрсінген күз желінде,
Бардай сенің дыбысың.
Қалың бұлтқа көміліп,
Қарауытып ай батқан.
Кездесерсің сен күліп,
Қараңғыда қай жақтан;
Келмейді ме, келе ме,
Деген ойлар күмән қып.
Жалынды оттай денеге,
Жайылады құмарлық.
Көздеріңнен көзіме,
Түскендей бір от ыршып.
Кездескенше өзіңе,
Тұра алмаймын тыпыршып.
Қазақ бауы бұрышы,
Кездескем сонда еркеме.
Жалғасқан кештің бір ұшы
Созылып түннен ертеңге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күткенде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Күткенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күткенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күткенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері