Мұқағалидың елімен сырласуы

Бұл бетте «Мұқағалидың елімен сырласуы» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұл фәниде адам мәңгі тұра ма?
Ол – заңдылық, ғайып болсам, жылама.
Бәсекеге түсіп тұрған шағымда,
Ешкімдерге ұнай қойман, сірә да.

Налып қайттым, неге екенін сұрама,
«Күресе алмай кеткен жан» деп кінәла.
Мәңгі өмірім басталды енді, сондықтан,
Маған мекен бола алмайды бұл ара.

Менің жолым – бұл өмірдің мектебі,
Өлеңдерім - өмірімнің өткелі.
Мақтауларым асып кетті жасымнан,
Бәсекелес болар жан жоқ өйткені.

Мен жоқ болсам, бақталас жоқ көре алмас,
Бәсекемен шекпен киіп, шен алмас.
Мен жұмақтың төріндемін, ешқашан,
Дұшпан түгіл, досым - дағы келе алмас.
Мұнда жақсы, алмас ешкім мазаңды,

Азапқа сап бермес ешкім жазаңды.
Өлеңімнің шуағына жылынып,
Таң нұрына шомыламын азанғы.
Сатып кетер бірге отырып бір кеште,

Табылмайды мұнда тіпті, күндес те.
Кешір, халқым, ардақтың боп қалайын,
Жүрегімен сыйлап кеткен жыр - десте.
Өкпелеген жоқпын, халқым, өзіңе,

Сүйдім сені оным аян өзіме.
Жер көрпемді жамылып ап жатырмын,
Жырларымның жан жылуын сезіне.

Р. S
Мұқағали қайта келіп күн кешсе,
Қайсыбіреу қақпақылдап жүрмес пе?
«Қолда барда, қадірі жоқ алтынның»,
Қадірлейді кеткеннен соң келмеске.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері