Көңілім – тұман

Бұл бетте «Көңілім – тұман» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көңілім – тұман,
Түнерді бұлтым аспанда,
Қалды ғой көңіл жақыннан - дағы, жастан да.
Кей - кейде жаным ақ жауын болып егіліп,

Жауыннан кейін күн нұрым көзін ашқанда.
Арманым, күліп, жадырап сен де тұрасың.
Көңілім жадау,
Басылмай көптен жаңбырым,

Жабырқау күйлі қарсы алдым қанша таң нұрын.
Жадыратып бір көңілге желік бергізбей,
Қайғыға малып отырсың мені, тағдырым,
Досымдай болып қимаған етін бір асым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері