Жыр күзетшісі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жыр күзетшісі» атты Сырбай Мәуленов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1937
Бұл жерде Тарас қабірін 1883
жылдан 1933 жылға дейін күзеткен
Иван Ядловский жатыр.
(Құлпытастағы жазудан)
Күнін күткен аспандай,
Гүлін күткен даладай.
Қыранын күткен асқардан,
Ұланын күткен анадай.
Күтті ол ақын қабірін
Жарты ғасыр — елу жыл.
Беріп жастық жалынын,
Сөнді осында өмір бір.
Терін төгіп жауындай
Көз жасымен гүл екті.
Жатқан жеке қабірдей
Өзі жалғыз күнелтті.
Сақтап үнсіз сабырын,
Ішке тығып дауылын,
Күзетті ақын аруағын
Күзеткендей арманын.
Күзете алмас таулар да
Шыңын жазғы жасыннан.
Күзете алмас орман да
Гүлін жауын-шашыннан.
Қоштасып жас күндермен
Не күтті екен бұл кісі?
Қасиетіңді кім білген
О, құдіретті жыр күші.
О, өлеңнің құдайы,
Сен біздерге таныттың,
Жырға деген шынайы —
Махаббатын халықтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр күзетшісі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жыр күзетшісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыр күзетшісі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жыр күзетшісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері