Аңыздар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Аңыздар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2844
Балаларға айтатын
Аңыздар көп.
Соны айтпай келеміз
Қарыздар боп.
Аңыздар көп:
Аспан жайлы
Тастар жайлы,
Жазықсыз аққан жастар жайлы.
Аңыздар көп:
Аспанның қызы жайлы,
Аңыздар көп
Асқардың күзі жайлы.
Жер үсті,
Жер асты –
Толған аңыз,
Сол аңыздың айтылар шақтары бар.
Сол аңыздарда
Ата сақалының ақтары бар.
Мерт болған даланың аттары бар,
Жер ананың әжім-әжім қатпары бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңыздар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Аңыздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңыздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңыздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері