Ұстаз – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ұстаз» атты Cырбай Мәуленов жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 12847
Пушкин менен Лермонтовты сыйға алып,
Келді бір күн кең далаға Иванов.
Аңқылдаған ақ көңілді жан екен,
Бүкіл торғай қарсы алды жиналып.
Сол Иванов ұзын бойлы, иықты,
Жылы жүзбен жұрттың бәрін ұйытты.
Қарапайым мінезімен аз күнде,
Болып алды бұл далаға сүйікті.
Торғайымның аңкылдаған қарттары,
Кісілігін, кішілігін мақтады.
Балаларын апарды оның алдына,
Деп,- осыдан орысша оқы, хат таны?
Қараңғыда жарқыратқан жол үстін,
Бұл далаға болды тұңғыш ол ұшқын.
Торғайлықтар тұңғыш рет оқыды
От өлеңін озық ойлы орыстың.
Ондайлардың белгілі сол тұста азы,
Дамыл таппай өтті қарттың қыс-жазы.
Россияның сахараға жіберген,
Кетпейді естен алғашқы сол ұстазы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстаз өлеңінің авторы кім?

Cырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ұстаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстаз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұстаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері