Көңілдеріңді көтерер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көңілдеріңді көтерер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 3985
Көңілдеріңді көтерер
жақсы өлең менен күтпеңдер.
Өлең-әлемім – бұлт шеңбер,
шаттану күтсең, өте бер,
жайым жоқ менің жұртты емдер.
Ойларым тосын келеді,
жоқ менде жайлы мамыр күн.
Жырларым үшкір жебелі –
дерттер улаған жанымның
бұлыңғыр көшірмелері.
Дәметпе менен жыр жайлы,
жүрегім - өрттің ошағы.
Өртті жүректе кіл қайғы,
қайғының тұнған тосабы
жазбайды, жаныңды улайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері