Алтын ай! – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Алтын ай!» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2278
Тезірек шық ала бұлттан!
Жігіттің жүрегімен алабұртқан
Ойнайды
сырғалары сылдыр қағып,
Арулар сөзі астарлы ән ағылтқан.
Қуанып, қызық дәурен кешті-ау бәрі,
Осында жыр — бұлақтың бастаулары.
Бәрі әуен!
Әуен үшін тағылады
Қыздардың алқалары, шашбаулары...
Әдемі ойын ғой бұл халқыма тән,
Халқымның қазынасын жарқыратам.
Қайта өрлеп, қалықташы Ай астында,
Шаттығы жастық шақтың — алтыбақан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері