Ұмытпаңдар – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Ұмытпаңдар» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 4514
Қарт жырау айтып бітпей дастандарын,
Сезген соң шаршап жастық жастанғанын,
Жанына жайнаң қаға отырды кеп
Жас жыршы естіртуге достарға әнін.
Жас кетті қарт орнына әндетті де,
Қарт қалды үннен әсем әр кетті де.
Көзінен күліп жатып тамызды жас,
Бойынан кәрі бұлбұл әл кетті де.
Сыйлаңдар, жаңа күннің сыйлы жасын,
Демеңдер жеңіліп қарт иді басын.
Сүйіңдер, бүгінгіні, ұмытпаңдар,
Болғанын кеше - дағы бір қимасың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері