Жасыңда болмасаң ақылды

Бұл бетте «Жасыңда болмасаң ақылды» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2495
Жасыңда болмасаң ақылды,
Сүймесең достарды, жақынды,
Егделік жасына жеткенде
Қайтара алмайсың қапыңды.
Жасыңда болмасаң жүректі,
Шыңдарға салмасаң білекті,
Егделік жасына жеткенде
Таппассың таянар тіректі.
Жасыңда жарықты сүймесең
Сүймейсің қарттыққа жаңарып,
Көңілсіз күңгіртте жатарсың
Көр тышқан секілді қамалып.
***
Ақылшы көп - сасқанға,
Қуғыншы көп - қашқанға.
Есің болса жасқанба
Есіріктер тосқанға!
Бір желік іс бастауға
Тобым көп деп мастанба.
Сәл әлсіреп сасқанда
Досың жаман қастан да.
Ойлан, бала, асықпа,
Әуестенбе жасыққа
Қиынды да іздеп көр,
Баса бермей машыққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасыңда болмасаң ақылды өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Жасыңда болмасаң ақылды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасыңда болмасаң ақылды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасыңда болмасаң ақылды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері