Ұшып бара жатырмын – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Ұшып бара жатырмын» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2287
Қиялы емес қиналмайтын ақынның
Ұшып бара, ұшып бара жатырмын.
Қош деді де қошаметтеп қалды жер
Құшағында жиырмасыншы ғасырдың.
Оздырып мен уақыттан от кемемді,
Келем білмей бөгелу не дегенді,
Қандай қызық, шығып алып космосқа
Шырқай айту жерде туған өлеңді,
Артымда жер, алдымда күн алабы,
Кең жаһанда кемем заулап ағады.
Елсіз түнде ескірген бір вокзалдай
Ай да менен кейін қалып барады.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері