Өлеңдер жинағы - 139 бет

Замандасқа

ealua6

Неткен заман , неткен ғасыр айналаңда,
Санасыздың адам болған кезі қайда?
"Адам" десем , хайуаннан кем болғанын,
Үмітті үзді бұл қылығын "адамның".

Толық оқу

Дос туралы

Asem16

Доссыз өмір тұзсыз аз,
Достың болса дау алмас.
Достық мәңгі жасасын
Достық болсын мәңгі рас.

Толық оқу

Өзіңе жол

s4ktagan

Өмір - сынақ, өмір - шуақ білгенге,
Басар мұңдар, кейде болар нұр кеуде.
Таусылмайды тағылымы тағдырдың,
Берері мол оны біліп, ілгенге.

Толық оқу

16 Желтоқсан

ass1kk

Ұраны бір азат елдің ұланы едім,
Отан үшін лаулап жанған ұран едім,
Жанын берер, барын берер елі үшін,
Қазақ деген байтақ елдің қыраны едім.

Толық оқу

Түс көрдім

ass1kk

Түсіме апам кірді қайтыс болған,
Құшақтап аймалады ұстап қолдан,
Апама бар сырымды айтып бердім,
Ішіме жылдар бойы сақтап қойған.

Толық оқу

Туған елім:

ass1kk

Туған жерім, туған елім байтақ далам,
Тарихыңды мақтап айтып әңге салам,
Кетсемде алыс қайтып келем, сағынғаннан,
Тастап сені бәрібір қайда барам?

Толық оқу

Өткенім маза бермей

ass1kk

Жақсы еді ғой, өзіңсіз өткен күндер,
Жақсы еді ғой, уайымсыз тыныш түндер,
Қалдыр мені түсіме кіре бермей,
Қалдыр мені өзіңсіз тыныш күн бер.

Толық оқу

Махаббат

ass1kk

Оның көзі мөлдір тұнық, жарқыраған,
Алтыннанда әдемі жалтыраған,
Оның көзі қара түнек, тұңғиыққа батырған,
Көздері оның сондай көркем, жасалғандай алтыннан.

Толық оқу

Шарға

BuraNaiman

Балалық кезім қаршадай,
Жүгіріп өскен шаршамай.
Шарымды аңсап жүремін,
Ақ кірпіш үйді - ақ самай.

Толық оқу

Саятшының қияли серігі

BuraNaiman

Көңілге қонса, зеріңді салсаң, баян етейін бірер сөз.
Сырласым түнгі Ай, жарық-жұлдыздар ботадай көлкіп мөлдір көз.
Құрама-құрақ көрпе жастықтай, көкірек болса, ал да сез,
Табылса әуен қөңілге ж...

Толық оқу

Сен тұрдың түн көйлекпен

BuraNaiman

Сен тұрдың кербезденіп, түн көйлекпен -
Мен бозбала балғын шақ - сен бойжеткен.
Есіңде ме, солбір түн дәл біздерге,
Шегірткелер сырнаймен жыр әндеткен?

Толық оқу

Күз

BuraNaiman

Күз келді ме? Қара суық түнеріп.
Іздерімен шұбырмалы сыз еріп.
Береді ме шуақ күндер шапағын?
Бұлттар тұр ғой - ғарыштардан мұң еміп!

Толық оқу

Сен оны

BuraNaiman

Сен оның - нәзіктігін қадірле,
Аялап өт, жабырқатпай сен оны.
Махаббаттің бесігінде әлдиле,
Қыз жолы бұл - ал жіңішке ені оның.

Толық оқу

Махаббат мехнаты

Есбол Бозан Өтежанұлы

Жан болсам сезімді сезбес мүлде,
Сүйгеніммен келмес еді кездескімде.
Тамамдап махаббат сапарымды,
Жүрегімді қорлатпаймын енді ешкімге.

Толық оқу

Тағыда түн

BuraNaiman

Тағыда түн…Тағы үнсіздік-тыныштық.
Күн етегін тартқылаған демі ыстық.
Біз екеуміз уәделі едік. Уәделі едік бұл кезге,
Бүгін біздер жүздесуге тырыстық.

Толық оқу

Ай-ләйлім

BuraNaiman

Бұлақтай дауысыңмен сыбырлаған,
Сездірдің көңіліңнен хабар маған.
Бір сәтте ұшқыныңмен жарқ еткіздің,
Жанарға жалын ешкім жаға алмаған.

Толық оқу

Сұрақтар

BuraNaiman

Шақырсам, бүгін кешке келесің бе?
Бақшада қол ұстасып жүресің бе?
Білесің бе, айтарым бар дәл өзіңе?
Мен сені құлай сүйдім сенесің бе?

Толық оқу

Жалғызбын деме

BuraNaiman

Жалғызбын деме, жан азабына күйсең де,
Жалғызбын деме,жалқының қамын ішсең де.
Жалғыз емессің, мына әлем бәрі - сен үшін,
Қадірлей алсаң, кем емес күйің ешкімнен.

Толық оқу

Аңсағаным!

BuraNaiman

Аңсағаным!
Талай болды сырымды ашпағалы,
Асқарына арманым көтерілсе,
Шың басынан жүрсің бе тастағалы?

Толық оқу

Есімде сол бақ…

BuraNaiman

Есімде сол бақ…Сарғайған сары сырғасын сепкен талдардан.
Көкейден кетпес сырнайыменен көңілсіз әнші салған ән.
Жапырақтардың шулаған үні оятып әлі сағыныш,
Ұшырып алып, бір сәтте жетер, сол күзгі б...

Толық оқу

Ізде мені

BuraNaiman

Ізде мені - бақтарда, күзді күні,
Көкте құстар салғанда үздік үнін,
Жаз лебінің шөккенде үстемдігі,
Наз желімен тербелсе ізгі гүлі.

Толық оқу

Анашым

ayana_kabylbekova

Дүниеге шыр еткізіп әкелген,
Кірпік қақпай бесікті де тербеген.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Балдай тәтті ақ сүтімен өсірген.

Толық оқу

Тәуелсіздік

ayana_kabylbekova

Қазақ халқы жетті өшпес арманға,
Тәуелсіздік алды міне, қараңдар!
Ыстық тер, қан аралас болғанмен,
Қара жер мен тасты сендер алмаңдар!

Толық оқу

Елімнің Елордасы

AliyaBirjanqyzy

Елордасы елімнің асқақтаған,
Болашаққа бастық біз жаңа қадам,
Ұлтымның ұлттылығын ұлықтаған,
Жасай бер, өркендей бер жаңа Астанам.

Толық оқу

Бауырды еске алу

AliyaBirjanqyzy

Өмірдің біраз өткелдерін өткердің,
Айта алмаған сөздерім де көп менің,
Жанашырым, бауыр етім, бауырым,
Сенсіз менің өтпес мына күндерім.

Толық оқу

Саран

AliyaBirjanqyzy

Тарихтан сыр шертерлік Саран аты,
Көрінер ғажабы мен ғаламаты,
Бір ғасырлық мұрағаты сақталған
Ішкі әлемге еліттіреді шапағаты.

Толық оқу

Qadaz media

AliyaBirjanqyzy

Шығармашыл орта егер, іздесең,
Ойланбастан Qadaz-ға бар бірден сен
Журналистика майталманы боласың
Арманыңа жетемін деп сөз берсең

Толық оқу