Мұра қалдыру
Заман-заман, заманнан,
Ажар бар ма солмайтын?
Ботасы үшін елжіреп,
Бозінген де боздайтын.
Заман-заман, заманнан,
Ажар бар ма солмайтын?
Ботасы үшін елжіреп,
Бозінген де боздайтын.
Қазақстаным - Сұлтан Қалиев
Сәулетті әр қаласы
Шырағындай өмірдің
Кең-байтақ даласы
Астанадан тарайды нұрдың бәрі,
Қадам бассаң, қарсы алар символдары.
Тарихың да, салт-дәстүр, өнерің де –
Символдарда. Астана – бұлбұл бағы.
Менің елім - Сұлтан Қалиұлы
Бастау алған ежелгі дәуірлерден,
Қазақстан дос, бауыр әрбір елмен.
Көрген талай жұтты да, қырғынды да,
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек –
Елдің ашық қабағы.
Ел-жұртпыз атам заманнан,
Күн, сақ, үйсін – тегіміз.
Күн нұрынан жаралған
Батыры көп еліміз.
Қазағым-ау, тарихың сені жырласын.
Бүгінгі күн бақытты кез болғасын.
Кешегінің жастары бас болғанда,
Бүгінгінің жастары неге болмасын?
Егемен елдің елдігін,
Көгерген жердің кеңдігін.
Қабыл ал болашақ ұрпағым
Келісіміңді бер бүгін.
Он сегіз минут ішінде,
Импорттық пішінде.
Басшы келді Мәскеуден
Эйфория көп ісінде.
Кере қарыс маңдайынан ғарышқа жол салып,
Шаһиттік Ер ғұмыр шалқыған!
Сұңғыла сертінде бодандық булығып,
Дұғалы сөзінде азаттық аңқыған!
Әке, қалай жағдайың?
Күтуші едім қашан сізді көрем деп.
Аяз ата көрсем бұрын әрдайым
Сіз бе екен деп қарайтынмын елеңдеп.
Ризамын туғаныңа ақын болып,
Өкінбеймін қаларсың деп бір күн солып.
Не қиындық кездессе де жолыңда,
Барлығы да сұм өмірдің қолында.
Тарихқа өткен қанатты қиял ұшырдым,
Демеймін әлі жырыңды толық түсіндім.
Нарында туған нарқасқа баба - Махамбет,
Қызғалдак қызың қырмызы жырын ұсынды.
Дүниенің көзін аштың өлеңменен,
Өзің жайлы жыр толғаумен келемін мен.
Әуен толы жүректерді тербеткен,
Қымбатты да, қасиетті, кемел ең.
Отаным менің –Қазақстан!
Сен үшін арнаймын, мәңгі жыр дастан
Көркейе бер, Қазақстан,
Мәңгі Отан ,Мәңгі таң!
Ақындардың өнегесі ,жағасы,
Дәуірінен оза шапқан,дарасы.
Қыршын жастан қиып кетті ау жаныңды,
Санасыздың ,құрып кеткір, жаласы.
Достарда сағым-айла бар
Жыласаң теріс айналар
Судай зытып кетітін
Достардан қандай пайда бар?
Келдім. Кеттім. Мен сендерге не жаздым,
Анашым-ай, осыншалық неге аздың,
Жатырыңнан сəл-ақ кеңдеу көліктен,
Басқа əлемді көрсетпедің неге аз күн?!
Бір топ бала тасбақа
Бір төбеге жиылды.
Құтқаршы деп сауыттан,
Жаратқанға сыйынды.
Жігері жаншылып жанарда,
Өзгеріс сезілді қоғамда.
Желтоқсан ызғарын елемей,
Жастарым ағылды алаңға.
Он алтыншы желтоқсан,
Бәрімізге белгілі.
Тәуелсіздік алған күн.
Ағалардың еңбегі.
Қазақ деген – бірлігі мықты кемеңгер,
Қазақ деген – ұлтын сүйген жігерлі ер.
Төтеден жау келіп төнсе егерде,
Жападан жалғыз қалды демеңдер.
Дара күндерімнің,
нала түндерімнің
серігі болғаның үшін,
сенімі болғаның үшін
Бір досым бар жетелейді мұратқа.
Менімен бірге жүреді ылғи сынақта.
Қанша жерден қалтасы тар болсада,
Бұл досымның жүрегі кең бірақта.
Құтты болсын қадамың,
Бибінұржан балбөбек.
Әкең мәз боп қолға алып,
Анаң сені әлдилеп
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі