Қазақша өлеңдер жинағы

Қазақша өлеңдер жинағы — бұл бөлімде қазақ әдебиетіндегі үздік өлеңдер, әдемі өлең шумақтары және толық өлең мәтіндері топтастырылған. Мұнда әртүрлі тақырыптағы қазақша өлеңдер, жүрекке әсер ететін жырлар мен мазмұнды туындылар ұсынылған.

Осы бөлімде махаббат, өмір, достық, ана, табиғат және басқа да тақырыптарды қамтитын өлеңдерді оқуға болады.

Егер сіз қазақша өлеңдер, қысқа шумақтар немесе толық өлең мәтіндерін іздесеңіз — осы жинақтан таба аласыз. Жаттауға, оқуға немесе бөлісуге арналған ең үздік өлеңдер осы жерде жинақталған.

Шіркін, әннің бұлбұлы-ай

Қазақ ауыз әдебиеті

Сен де мендей, ей құрбым, мен де сендей,
Неге селкеу тартасың көрмегендей, сәулем-ай.
Бір ауылдың сыйласқан баласы едік,
Еш нәрсе алып, еш нәрсе бермегендей, сәулем-ай.

Толық оқу

Шіркін-ай (1-нұсқа)

Қазақ ауыз әдебиеті

Жылқы айдаймын көшкенде-ей, дөненменен,
Алма мойын арғымақ, шіркін-ай,
Дәурен-ай, көбеңменен, айдай-ай.
Жас өспірім жеткіншек балаларға,

Толық оқу

Шилі өзен

Қазақ ауыз әдебиеті

Айналайын атыңнан, алтыным-ай,
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай.
Шилі өзен қамыс-ай,
Бізді ойлай жүр, таныс-ай.

Толық оқу

Шама

Жарылғапберді Жұмабайұлы

Күн батар кешке жақын таудан асып,
Шапақтап қызыл алтын нұрын шашып.
Ақшамның қараңғысы болған шақта,
Аһ ұрып табысады өңшең ғашық!

Толық оқу

Шайтанқара

Ерғали Аязбайұлы

Мінгенім-ай астымдағы-ау, шайтанқара,
Оралдан жылқы айдадым-ау, өңшең ала.
Осыдан осы жылқы-ау бойға сіңсе –
Тағысын тағы айдармыз, қосшы бала-ау!

Толық оқу

Хаулау /1-нұсқа/

Жаяу Мұса

Үш жүзге болған мағлұм атым Мұса,
Жігіттер, шешен болсаң маған ұқса.
Сыртымнан мені қазақ қашқын дейді,
Көрер ем қашқындықты күнім туса.

Толық оқу

Үшқара

Мәди Бәпиұлы

Арғы атам әулие өткен ер Қазыбек,
Бекболат оның ұлы болыпты бек.
Тіленші одан туған абзал шері,
Қарадан хан боп өткен бәрі асыл тек.

Толық оқу

Үлкен Ардақ

Әсет Найманбайұлы

Қыз қайда Ардақжандай туған айдай,
Күлім көз, оймақ ауыз, ақша маңдай.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сөйлесе сөзі майда, лебі жылы,

Толық оқу

Үлкен айдай

Мұхит Мерәліұлы

Мұқитың салады енді “Айдайына”,
Бақ берген, ер жігіттің, маңдайына.
Жаманға бір сөз айтсаң теріс қарайды,
Жақсының мен жүремін ыңғайына.

Толық оқу

Үкілім-ай

Қазақ ауыз әдебиеті

Арғы жағы Еділдің, бергі жағы,
Жағасында жайқалған жапырағы.
Үкілім-ай, көкем-ай,
Сағындым, сәулем, бір сені ойлап-ай.

Толық оқу

Угай-ай

Қазақ ауыз әдебиеті

Шөбі шүйгін төменгі көк қабақтың,
Қызы сұлу болады Көксадақтың, угай-ай.
Өлең, даусын сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады ақ тамақтың, угай-ай.

Толық оқу

Туған жер

Қазақ ауыз әдебиеті

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.

Толық оқу

Тоты

Әсет Найманбайұлы

Жасымнан ұмытпаған ойда барсың,
Әл-қуат ақылымды алған жарсың,
Пәруана өлім іздеп түсер отқа,
Шын ғашық аямаған басын сотқа,

Толық оқу

Топай көк

Қазақ ауыз әдебиеті

Көкшетау, Баянауыл жер науаны,
Елінен көктей гүлдеп шығады әні.
Баурында Көкшетаудың көкке шалқып,
Толғанып шарықтайтын салған әні.

Толық оқу

Топ шеңгел

Қазақ ауыз әдебиеті

Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте,
Екі он бесте қосылса тең келмес пе.
Қалқатайдың бергені жарты мейіз,
Бөліп жесек екеуміз олжа емес пе.

Толық оқу

Терме

Қазақ ауыз әдебиеті

Ақ жолда жүрген азамат,
Көкірегің кең сарай,
Білімнің нұры қайнаған.
Заманға туған жас жүрек

Толық оқу

Теміртас

Біржан сал Қожағұлұлы

Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
Адамзат қалмақ па екен солай сарнап.
Көз көрген құрбыларға дұғай сәлем,
Батасын оқи берсін маған арнап.

Толық оқу

Сырымбет

Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Аулым қонған Сырымбет саласына,
Болдым ғашық ақ сұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қарағым-ай,
Бөктергіге қор болып барасың ба?

Толық оқу

Сырмақ үйкер

Әсет Найманбайұлы

Қызықты қызу үсті шын ерлерге
Жүрсе де жақсы орын артық қай жерлерде.
Қызығың бір сағатқы мың күнгі өмір
Ерікті сөз сөйлейін көз көргенге.

Толық оқу

Сұржекей

Қазақ ауыз әдебиеті

Мінгенім дәйім менің сұржекейім,
Бүлкілдер әнге салсам көмекейім.
Кіші – іні, үлкен аға бас қосқанда,
Алдында сұржекеймен бір кетейін.

Толық оқу

Сұлу қыздың сыны

Қазақ ауыз әдебиеті

Баға жетпес жақсыға бір гауһар тас-ей,
Он алты, он жетіге келгенде жас, күнім-ау.
Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Толық оқу

Су ішінде метре

Қазақ ауыз әдебиеті

Бай да өткен, қара да өткен, жарлы да өткен.
Жас бала, кемпір мен шал бәрі де өткен-ай.
Балалар, тіршілікте күліп-ойна.
Өлмесе ата-бабаң қайда кеткен-ай.

Толық оқу

Сімет

Иса Байзақов

Алтайдың кен шығардым саласынан,
Биік құз, терең жартас арасынан.
Көк балға, жарқылдаған болат сүймен,
От шығады соққанда жартасынан.

Толық оқу

Сәулем-ай /1-нұсқа/

Қазақ ауыз әдебиеті

Айдап салдым жылқымды ақ қауданға,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, сәулем-ай.
Қуанғаннан жүрегім от боп жанар,
Ақ білегің сыбанып қой сауғанға, сәулем-ай.

Толық оқу

Сары жез құмған-ай

Қазақ ауыз әдебиеті

Біздің ауыл, сұрасаң, Белтұрғанда,
Биік ағаш солқылдар жел тұрғанда.
Күн мен айын басқаның мен қайтейін,
Тал шыбықтай солқылдап сен тұрғанда.

Толық оқу

Сары бидай

Қазақ ауыз әдебиеті

Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам аулыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап аулыңнан кетемін бе?

Толық оқу

Сағыныш сазы

Қазақ ауыз әдебиеті

Сағыныш сазы сен едің,
Ғашықтың бірі мен едім.
Армандай асыл ақ гүлім,
Өзіңді аңсап келемін.

Толық оқу

Паңкөйлек

Мұхит Мерәліұлы

Паңкөйлек маң-маң басқан аяқ басатұғын,
Жар қайда ондай көңіл ашатұғын.
Кешегі жиырма бестің желігінде,
Көңілім тау суындай тасатұғын.

Толық оқу

Па, шіркін

Үкілі Ыбырай

Па, шіркін, осылай ма еді айтқан сертің,
Бірдей деп ойлаушы едім ақыл-көркің.
Мінезің арқандаулы ат секілді,
Биікке сермегенмен жетпейді еркін.

Толық оқу

Өтепберген

Әсет Найманбайұлы

Раушан атқан таңның жарығындай,
Өткір тіл Дағыстанның шарығындай.
Жауапқа қалап айтқан тілім тәтті,
Кәусардың ағып жатқан арығындай.

Толық оқу

Өсиет

Нұртуған Кенжеғұлұлы

Асыл ер өзін биік санамайды-ау,
Ел үшін еңбек күшін аямайды-ау.
Бір өзі білсе-дағы, білдім демес,
Сынатып көпке салып шамалайды-ау.

Толық оқу

Ойланшы өзің

Қазақ ауыз әдебиеті

Дүние өте шығар құрдай пырлап,
Өтпейді-ау өтерінде, сірә, жарлап.
Екеуің, ойланшы өзің,
Бірге өскен кішкенеден құрбым едің.

Толық оқу

Ой көк

Қазақ ауыз әдебиеті

Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,
Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген.
Сол қыздың сұлулығын мен айтайын,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.

Толық оқу

Мұқидаш-ай

Нұржан Наушабаев

Өлең айтқым келмейді ерінгеннен,
Бойым байсал тартады керілгеннен.
Көтеріңкі көңілім тарта бастар,
Қалқатайдың аулы көрінгеннен.

Толық оқу

Маңмаңгер

Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Маңмаңгер, кекілің келте, жалын майда,
Байлаған сені сылап қалқатай да.
Жүресің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.

Толық оқу

Мақпал /2-нұсқа/

Әсет Найманбайұлы

Айттым сәлем Мақпалға шын зерек деп,
Өзгеден, топтан затың бөлек деп.
Көйлекті көк атылас серпе тастап,
Алдымнан Мақпал шықса: “Сіз керек,” – деп.

Толық оқу

Мақпал /1-нұсқа/

Әсет Найманбайұлы

Хал қайда мен дұшпанмен алысарға,
Ат қайда жүйрікпенен жарысарға?
Жайлауға ел қондырып, қой қоздатып,
Күн қайда Мақпалмен табысарға!

Толық оқу

Мақпал

Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Үйірі қысырақтың мақпал қара,
Шашыңды күндіз жу да, түнде тара.
Алыстан ат аямай келгенімде,
Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара!

Толық оқу

Қазақша өлеңдер жинағы

Бұл бөлімде қазақша өлеңдер, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары, мағыналы өлеңдер және толық өлең мәтіндері жинақталған.

Өлең шумақтары мен өлең жолдары

Өлең шумақтары, қысқа өлеңдер, әсерлі өлең жолдары және жаттауға ыңғайлы шығармаларды осы бөлімнен таба аласыз.

1, 2, 3 шумақ өлеңдер

Қысқа өлең іздейтіндер үшін 1 шумақ өлең, 2 шумақ өлең, 3 шумақ өлең форматындағы шығармалар да ұсынылған.