Туған жер
Шахта-Тогус – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Қамалған құрсау түбіне,
Қарадым тағы үңіле.
Ақылдан алыс ойларым,
Расында әлі тірі ме?
Сенімім бар жүректе құламаған,
Өлеңдерді қиялыммен құрап алғам.
Киер киім,ішуге ас болмаса да,
Алақан жайып мен пендеден сұрамағам.
Білім – ғылым жақсылыққа бастаған,
Ар – ожданың адамдықтан аспаған.
Ақыл-сана аз да болса толар деп
Әр күн сайын жан кітабын жастанам.
Сезіне білген адамға,
Ана қымбат ғаламда.
Құрметтесең ананы,
Бармассың жаман қадамға.
Бар сұлулық гүлдерге кеп тұнғандай,
Жүректерді жаулап ғашық қылғандай.
Аруларды гүлге теңеп тербесе,
Ағылатын ән мен тәтті жыр қандай
Үш күн бойы жол сапардан шаршаған,
Туған елін,ата – анасын аңсаған.
Бала келеді,жол үстінде аптығып,
Көкейінде сағыныш арман самсаған.
Дауылдап толқын
Соғады жағаға.
Сағыныш сезім,
Тамшы боп жанарда
Қазақ тілім- ана тілім ардақты,
Ой айтатын жүйелеп бір салмақты.
Сол тілменен тірі жүрсем егерде,
Танытармын қазағымды жан-жақты.
Жаңбырша құйып ақ өлең,
Селт еттің мынау даланы.
Сабындай қамшы қысқа өмір,
Селк еткізіп адамды.
Абай атам үлгі еткен адамдық
Бар қазаққа қашанда дана болған,
Бар әлемге есімі дара болған.
Абайдай атамның жырлары,
Жүрегіне ән-жырды тұмар еткен,
Жырларына біздерді құмар еткен.
О,Мұқа аға жырларың жалындаған,
Қол жетпес биіктегі шынар ма екен.
Қазақтың тілі- тірегім,
Лүпілдеп соққан жүрегім.
Айрылсам егертілімнен,
Қалайша өмір сүремін.
Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Толған шақта он алтыға не бәрі.
О, жұртым-ау, қайда көшіп барасың?!
Барасың-ау, бара-бара қаларсың,
Өзге тілдің жетегінде желіктеп
Кетерсің-ау, мәңгүрт болып жарасың!
Мен қазақпын, тілім қазақ мәңгілік,
Ұмтылмаймын өзге тілге, мән беріп,
Қазағымның дана тілі тұрғанда
Ұнамайды әуенді тіл шетелдік!
Денсаулық – ол шынығу,
Күн сайын бір әдетпен.
Денсаулық – ол тынығу,
Айғай-шу мен әлектен.
Су – өмірдің бұлағы, тасып-толған,
Тіршіліктің нәрі бұл, еріп-тоңған.
Су болмаса болмайды табиғат та
Ол әр заттың қуаты боп қалыптасқан.
Оянайық балалар,
Алға қадам тастайық,
Жақсы оқып сабақты,
Озат бола бастайық.
Тәуелсіз елім бар,
Іргесі бүтін жерім бар.
Айдын шалқар көлім бар,
Бұл – менің Қазақстаным!
Тауларға алыстағы көп қараймын,
Өзіңді таудың ұлы деп санаймын.
Мұнартып, шаңытады елес бейнең,
Ішінен ақ қайың, көк қарағайдың.
Біз қазақпыз ұлы дала еліміз,
Таусылмаған Қаныш тапқан кеніміз.
Қазағым деп жанын қиған еріміз,
Ешкімменен тең келмейді теңіміз.
Оян, ойлан,
Уақыт өтіп, өмір өтіп барады,
Әрбір күнің тіршіліктің парағы.
Жай оғының жарқылындай-адамзаттың санасы,
Тарих беті шым-шымдап сыр ашады,
Бір құпия біріне ұласады.
Шыныменен мен туған мына мекен
Болғаны ма түркінің түп ошағы?
Тынық ауа аппақ қар,
Дала қандай тамаша!
Сол далада балалар,
Шаңғы тепкен жараса.
Ей, қазақ жігіттері жатпа қарап!
Қазақ деп бүршік атқан бұл бір дарақ!
Кешегі қазақ бабам батырлары
Ұстаған найза, балта, қару-жарақ.
Сенбеп едім, бұл сезімнің барына,
Күмәнменен қараудамын тағы да.
Бар ма өзі, жоқ па, әлде расымен,
Арбап алып, әкелді ме алдына
Жүрегімнің түкпірінде сақталған,
Жылы тиер, сан мың есім, аттардан.
Туа біте, жүрегімде бір сөз бар,
"Ана" деген әріптермен жатталған.
Талай ақын,жыраулар
Оян деген тек саған.
Сол кездегі өмірге,
Көңілі толмай жырлаған.
Міне биыл жастар жылы аталды.
Қазақ елім жаңғыруға бет алды.
Енді сірә,тоқтата алмас ешбір күш,
Жібітеміз қиын менен қаталды
Қазағым, қайырлы таң ұйқыдағы,
Сендерді ойлап, көңілде күй тұнады.
Талайың осы уақытты ұйықтап жатсың,
Таусылмай тәтті түстей сиқыр әлі.
Уа, туған жер, алтын , гауһар тастан қымбат
Уа, туған жер сенде тудым, сенде өстім,
Уа, туған жер әлемінің ай келбетімен,
Ешбір жауға берілмеген қасиетті мекен.
Уа, туған жер, алтын , гауһар тастан қымбат
Уа, туған жер сенде тудым, сенде өстім,
Уа, туған жер әлемінің ай келбетімен,
Ешбір жауға берілмеген қасиетті мекен.
Үлкендер, орта буын, жастар жағы,
Қанша болды бізге өмір басталғалы?
Жігерсіздік, ойсыздық отан болып,
Таюда қанша адамның бастан бағы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі