Жүрегімде сақталасың сен ғана
Кездестірдім мен сені
Айлы түннің кешінде
Өзіңменен бір болуға
Серт бердім әлі есімде
Кездестірдім мен сені
Айлы түннің кешінде
Өзіңменен бір болуға
Серт бердім әлі есімде
Тəубе деймін, бүгінім, ертеңіме,
Біздің өмір ұқсайды ертегіге.
Анам-аман, отбасым бəрі де сау
Жақсыдан үміт күтем ертеңімнен.
Шимай-шатпақ жолдары көп өмірдің
Сол жолдарда тозаң болып төгілдім
Жүрегіме үңілмеген жандарға
Бір бейшара адамдай боп көріндім
Бір түс көрдім қазақ жайлы өткенде мен,
Адамдарды екі топқа бөлген екен.
Денесі жоқ бар екен кейбір БАСТАР,
Ал, басы жоқ денелер қаптап кеткен...
Кіммен доспын,кіммен қаспын білмеймін,
Өмірдің ащысына шөлдеймін.
Тəттісін,сұлуында мына өмірдің,
Екі көзім бар болса да көрмеймін.
Сүйкімдісің сен неткен
Жаның сенің сыр екен
Өзіңменен бір болу
Арман екен, мұң екен
Темекіні бұрқыратып таң ерте
Сорып оны түсерсіз бір әлекке
Жаспыз ғой деп ойламайсыз әлбетте
Зияндығын темекінің әр етке
Қазағымның ұлдары
Боксшылар тарланы
Барма оған кімнің таласы
Алға бастап еліңді
Қалай қиям, қалай қиям
Бауыр еті баламды
Түрлі ойлар жаулап алды санамды
Қиналады жүрегім менің от боп
Тән сұлу ма, жан сұлу ма ойландыр.
Ойланып, толғандырып, ұштастыр
Ішкі дүние, сыртқы келбет мың сұрақ??
Ойлан тағы, іштей тағы ойландыр.
Қорғасын таулардың мүйісі сияқты,
Тас-тұғыр иектен құлжалар құлапты.
Құлапты олар да тәкәппар ақындай,
Қалдырып мәңгіге жаңғырық тұяқты.
Жүрегімнің пердесін құлыптадым
Ашамын деп ойласаң құныққаның
Сезімдегі сенімді өшіргенмін
Мен деген махаббатты ұмытқамын
Ғайып болып жоғалшы таба алайын
Жүрегімді босатшы болма уайым
Сағындырып сағымның елесіндей
Кемесіндей кезбезі жыламайын
Алдама тағдыр сезімнен жалған, қашық ет,
Шын сүйген мені, ғашық бір жанға ғашық ет.
Махаббат деген сиқырлы сезім секілді,
Сегіз-ақ әріп, сексен мың толы қасірет.
Жан досым əкешім,
Саған тілек тілеймін,
Аман болшы əкетай,
Денсаулық пен зор бақыт.
Жастық шақпен қоштасып,
Семсер, найза қолға алып,
Ұрпағы үшін, елі үшін
Кетті ағалар аттанып.
Сезімсізсің бе?
Жоқ ,Əлде маған солай көріне ме?
Сөздерің өрнек болып өріле ме?
Суық ызғар ескенін сезбей бұлай,
Қазақстан-кең байтақ жерім менің,
Қандай ғажап, бүгінгі бейбіт күнің!
Қыраның көк аспанда қалықтайды,
Көрсеткендей дəрежеңнің биіктігін.
Анажаным бақыттымыз өзіңмен,
Күннің нұры көрінеді көзіңнен.
Бізге деген сезіміңнің жылуы,
Сезіледі ақ пейілді сөзіңнен!
Өзім жеттім деп сендер тасынбаңдар,
Себепкері бағыңның басың да бар.
Сені сүйреп арманыңа жетелеген,
Ол ұстаздар, аяулы асыл жандар.
Мен қазақпын,атам қазақ баласымын,
Құлашын сермеп,кеңге жайған бар асылын.
Бабалардың тұяқ етіп қалдырған,
Жақсылардың сынығы,жалғасымын.
Мәңгілік ел-қазағымның өткені мен кеткені,
Мәңгілік ел-халқымның арадағы өткелі.
Мәңгілік ел ұғымы қасиетті,кадірлі,
Елітеді-ау жанымды,нұрға бөлеп таңымды.
Айналдым Самарым,киелі топырағың,
Өзіңнен алыс кетсем аһ ұрамын.
Көктемім-көк тірегім өзің едің,
Мен де бір үзілмеген жапырағың.
Садақа халқым үшін жаным деген,
Жастар аз ба туған елдің қамын жеген?!
Төске өрлеп,басқа шауып басынардай,
Қормыз ба өзгелерден,кембіз неден?!
Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде,
Маңайыма нұр шуағын шашқан кезде,
Демеу болдың «Әке-Ана» деп ең алғаш
Титтейімде жердің бетін басқан кезде.
Алмасып жылдар ғасырдың ізгі дертімен,
Өрледі заман, тарихын жалғап еркімен.
Маңғазды дала-Маңғыстау тарих дастаным,
Бұл күнде шаһар алысқа жетті көркімен
Жаным сені сүйемін ғой бұл күні,
Бұл сөздерім ғашық жанның бір үні.
Елестейді кереметтей келбетің,
Ойлап жатып еске алған әр түні.
Махаббат бір мен үшін өлшеусіз оқ
Сезім барда өшпейтін ғұмырлы шоқ.
Лира барда мен өлмеймін тәңір Алла;
Өмірге айтарым ия, ажалға жоқ!
Жеңген сәтте сабыр ет
Жеңілмеуім мақсат деп.
Талаптан бала жалықпа
Еңбекке әркез түр білек.
Сындар көп тиер соққы сағанда дөп
Соққы алған жағдайда шыда сен күт
Уақыты келген кезде сен ұрарсын
Қорған достым еш сынба қолыңды бүк.
Санаулы күндер өтпесін бекер
Өзіңді күнде құр алдай.
Талаптан, оқы, білім ал іскер
Еңбектен, жатпа жүр талмай.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі