Түнгі оттар
Түнгі оттар, түнгі оттар тірі ұшқын,
Жанады жалындап өрлеп тек.
Қарашы, сонау бір қыр үстін,
От кілем оранған өрнектеп.
Түнгі оттар, түнгі оттар тірі ұшқын,
Жанады жалындап өрлеп тек.
Қарашы, сонау бір қыр үстін,
От кілем оранған өрнектеп.
Бала жігіт... бусанады жас көңіл,
Өртенеді шыға алмай бір тұманнан.
Түске айналып бара жатты басқа өмір,
Таутекедей тастан тайған тым аңғал!..
Үшқоңыр Алатаудың етегінде.
Бала ойнаған қуысып жетегінде.
Ақыныңда кемеңгер батырыңда,
Нәр алған туған жерден көсеміңде.
Абай тұлға, Абай ақын, Абай әнші
Абай деген бір сөзге құлақ бөлші
Абайдай тұлға тумас ешқашанда
Жазатын тұлғалықпен талай сырыды
Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат
Тәрбиені бойға жина, ойға жинап
Қызығын мына өмірдің жігіт болып
Орынсыз күлмей мына өмірді жайнат
Армандар, кейде, тым алыс,
Көгілдір тұман, мың елес.
Күлудің бәрі қуаныш,
Жылаудың бәрі мұң емес.
Ағарып таң келе жатқанда,
Оңаша тіл қатып,
Толқып бір бақтарға.
Батып сәт жаның мұңға,
Былқ етпейтін кетсе де тамақ күйіп,
Маған әлі көрмеген қабақ түйіп.
Айдай сұлу ажарлы жеңгем менің
Жыртық шұлық жүрмейді халат киіп.
Ақынға қара сөзден өлең оңай,
Деуші еді ақындарың талай-талай.
Бойымды шабыт кернеп тұрса егер
Қой деймін шабытыма енді қалай?
Болған соң пендесі бұл ғаламаттың,
Маңызды əрбір ісі адамзаттың.
Керек десең маңызды күнделікті,
Жұмсалып жатқан əрбір қаражаттың.
Сезім деген қымбат келер талайға,
Сезімменен ойнама сен абайла.
Шын ұнатып,шын ғашық боп қалса егер,
Махаббатың жасқа сонда қарайма?
Жігіт: Сəлем сұлу қалай екен жағдайыңыз?
Қыз:Жақсы бəрі! Неге сұрап алаңдайсыз
Сұлуым ау неге маған кей кездері
Түк мəн бермей тіпті мүлде қарамайсыз
Көше кезген қарттарым қазір көбейді.
Бұл қоғамда оларды кімдер елейді?
Көре тұрсада шарасыз қарттар күйлерін,
Қəнекей сізге көмектесейін демейді.
Отанын сатқан опасыз жандар көбейді,
Елімнің жолын осылар неге бөгейді.
Қарапайым халықты мынау арсыздар,
Қайдағы жоқ нəрсеге неге теңейді.
Тоғыз ай құрсағыңда мәпеледің сен мені,
Үш жыл уақыт көтеріп, әлпештедің қолыңда.
Өмір бойы үлгі тұтып, қастерлеймін мен сені,
Алтын анам жаныңдамын, жаным құрбан жолыңда.
Ән салып тұрды
Ақбоз ат мінген бозбала дүние түсімде,
Айналып арман мүсінге.
Ән салып тұрды ертедегі батырдай
Армысың! Бауыры ән-күй, ақ бас атам,
Шөгер ең өр төсіңнен атпаса таң.
Айналып сыр айтуға саған келдім,
Өзің боп өміріммен шектес Отан.
Тау жолдары бұраң-бұраң,
Басы үміт,
Жалғасады күнге биік асылып.
Шықсаң жалғыз ертеменен сапарға,
Төбеңді таңда ертемен сүйіпті күн,
Кеудеңнен бұлттар тұр иіп бүгін.
Басыңда бала қыран айналады,
Қайсарлықтың паш етіп биіктігін.
Соғады жүрек!
Тынымсыз тулап кеудемде,
Серт еткендей сенбеуге.
Көктемге көшкен құстардай,
Жеткізбей әне қара бір,
Жерледі жаман, қорлық-ай.
Тұяғым сүйген дала-қыр,
Тістесіп жатыр көр құдай.
Өткен шақтан мұра қып алып қалдың
Енді орынын оюлап, анықтар кім?
Қадірлейік, болмайық қатарынан
Барлығынан қол үзген xалықтардың
Қолменен адам жолды алар жасап,
Қолымда сенсің жекесің.
Орнымен біліп қолдана алмасақ,
Зырылдап өтіп кетесің..
Айтарлықтай қайдан болсын бізде сыр
Қызғаныш бар жанарыңды торласа
Бәрін өртеп жіберер ем бір сәтте
Өзім күйіп қалатыным болмаса
Енді қайттім бұл өмірде барлық адам әр түрлі,
Түрі менен қисындары мінездері мың сырлы,
Бірі жақсы, бірі адал, екіншісі сорақы
Болса екен барша адам серілердей жүз қырлы.
Жүретін ең жадырап бір елжіреп,
Соның бәрін сезуші еді бұл жүрек.
Орның бос тұр, Әмір досым амал не,
Өзің жоқсың, талай жандар жүр жүдеп.
Ыстық жасым жанды баурап, тербеп кеткен ақ тұман,
Түсінуге сол сезімді асығамын, аптығам,
Айбынды жан, арда азамат, ел деп соққан жүрегі,
Мұндай жанды жырлау үшін таптым шабыт, таптым ән.
Дауыл дастан, көшкін эпос, сең аңыз,
Сен жырау бол, ол ақын да, мен абыз.
Самғау керек тоқтағанша жүректер,
Самғау керек қиылғанша венамыз.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі