Өлеңдер жинағы - 775 бет

Дос

Дүйсенқұл Анар Жәнібекқызы

Кешірші жаным дейін бе
Ауыртып ем байқаусыздан
Басынды бос сөздермен
Түсінбеушілік кетті-ау Арада.

Толық оқу

Шаншыма, Жүрек!

mendi

Шаншыма жүрек... өтінем сенен, шаншыма,
Шаршатты ма сені беймаза өмір жаншылап?
Шырмауы көп тағдыр бақытын бәлкім бұйыртар,
Шаншыма жүрек, көргейсің енді сәл шыдап...

Толық оқу

БІЗ –АНАМЫЗ

mendi

Біздер-гүлміз,
Туған жердің төсінде ырғала өскен.
Біздер –нұрмыз,
Шаңыраққа шаттық боп шуақ төккен.

Толық оқу

Ауылдың кешін сағындым

mendi

Ауылым алтын бесік, қара орманым,
Куәсі бал дәуреннің , ақ арманның.
Ауылым- иран бағым, жер жәннәтім,
Перзенттік парызым деп ән арнадым!

Толық оқу

ӨМІР СЕНІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН!

mendi

Өмір жайлы өлең жазып толғанамын бүгін мен,
Өмір-кітап, әр параққа талай рет үңілгем!
Өлермен боп құлап -тұрып, талай қайта сүрінгем,
Өзегімді тілсең де дағы, Өмір, сенен түңілмен!

Толық оқу

Сәбиге тілек

mendi

Бүр жарып әсем, келеді көктеп бір шыбық,
Келеді өсіп, тамшыдай ғана тіршілік!
Қауызын ашып, жұпарын шашып қызғалдақ,
Ұмтылып келед(і) өмірге мынау құлшынып!

Толық оқу

Өмір. Адам. Жалған

mendi

Сананы тұрмыс билеген мынау заманда
Мейірім мен кеңдік қат болған кезде адамға.
Парасат, пайым төмендеп , мүлде азайып,
Ар менен намыс тапталған сәтте табанда,

Толық оқу

Мектебім

dilnaztoleugazina

Талай жылдар талай шəкірт өсірген
Мектебімсің білім нəрін сіңірген
Ұстаздарым еңбек етіп келеді
Тəрбие мен ілім сырын үйреткен

Толық оқу

Босаға

Марфуға Айтқожина

Бұлдырай ма, сағым қуып қаша ма,
Төбе-төбе оқшырайған тас оба.
Жаугершілік.
Келіп қалды мұндалап,

Толық оқу

Арман

Марфуға Айтқожина

Табиғат жайған кілемін,
Жағасына Іленің.
Қала бар сонда Құлжа атты,
Тербейтін адам жүрегін.

Толық оқу

"Қызбөктер"

Марфуға Айтқожина

Кез еді кеш батуға ыңғайланған,
Шоғыр бұлт көк жиекте түр байланған.
Кім білсін ол да мені сағынды ма,
Қара орман қолын бұлғап шулайды алдан.

Толық оқу

Қыран

Марфуға Айтқожина

Қырандар бар қырымда самғайтұғын,
Қанаты қанша ұшса да талмайтұғын.
От көзінен мүлт кетпес қыр тағысы,
Шың да жоқ ол шарықтап бармайтұғын.

Толық оқу

Еске алу

Марфуға Айтқожина

Еске алсам сол бір кезді жан сезімім тулайды,
Дірілдеген көл жағасы, бұлбұл үні, түнді айлы.
Кірпігіме жас үйіріліп, мұңаямын түсім бе ол,
Қанша алға өтсем-дағы сол күн қайта тумайды

Толық оқу

Ұлылардың ұрпағы

otarbai_adil

Көрінгенге үлеспей жүлдеңді ауыр,
Құқығыңды бұл күнде білген тəуір.
Шетелдіктер шетінен шіренеді,
Мазақ қылып өзіңе күлген бауыр.

Толық оқу

Уақыт

kamshat1980

Мықтап ұстап тізгінді,
Уақытты кім тоқтатпақ.
Өмір деген желдеткен,
Жеткізбейтін арғымақ.

Толық оқу

Ана тілім!

Nadirov1990

Ана тілім, байлығымсың, жанымның,
Мен өзіңнен, жаратылған қаныңмын.
Қорғаным сен, деп білемін өзіңді,
Бойымдағы, намысыммен, арымның.

Толық оқу

ОЯН БҮГІН!!!

altynay_aman_poetry

Ұйқы тәтті - түс көрген қиялыңда!
Көзді ашып,бір сәтке ояныңдар!
Ертегіден жырақ кетіп кішігірім-
Шынайылық жағына таяныңдар!!!

Толық оқу

Оян жұртым

KAMALADDINOV

Заманнан ба әлде адамнан ба
Көңілім бәрінен қалғаннан ба?
Мен шаршап кеттім,шынымен,
Мына бес күн жалғаннан да.

Толық оқу

Өзіңе

Марфуға Айтқожина

Желге ырғалып үлбіреген
бейне жаздың гүліндей.
Сезесің бе, жастығыңды барады өтіп білінбей.
Күндер тез-ақ асығады,

Толық оқу

Алатау

Марфуға Айтқожина

Күн сүйген биік шыңын Алатаудың,
Найзадай жақпар тасын жуған жауын.
Тәкаппар басын имес, қарт кеудесін
Қарашы, күміс қардың тұмшалауын.

Толық оқу

Таңсәрі

Марфуға Айтқожина

Өрмелеп сұлу таудың өр төсіне,
Арайын төгіп бұлттың өркешіне.
Дөңгелеп көк жиектен күн келеді,
Ұқсап бір бұл әлемнің еркесіне.

Толық оқу

Қиял шындығы

Марфуға Айтқожина

Естігенде аспан жайлы ертегі,
Қиял теңіз бір шайқалып қалатын.
Жүрегімді қуанышты үн шертеді,
Арман, арман, қақты биік қанатын.

Толық оқу

Ұстаз

Деконов Әмірхан

Білімді беріп өсірген,
Ұстазым сізге баламын,
Әр балаға тәлім беріп,
Ұстазым сіздей боламын!

Толық оқу

Әже

Деконов Әмірхан

Аялап бізді өсірген,
Еркелік қылсам кешірген.
Бар тәттісін жегізген,
Әжелерген рақмет!

Толық оқу

Достарым

Деконов Әмірхан

Бала кезден бір жүрер,
Бауырларым достарым .
Тентек болмай ақылды,
Бірге өскен достарым .

Толық оқу

Қылықты қыз

Serykbai

Таңдап ішіп жүрсек те тұнықты біз,
Ойымызбен алайда күдіктіміз.
Шаншу болып жүрекке қадаласың,
Қылығыңмен кей сəтте, қылықты қыз.

Толық оқу

Жартас

Марфуға Айтқожина

Қара жартас, мелшиіп тіл қатпайсың,
Толқындарды кеудеңде тулатпайсың,
Сен неге кілт өзгердің, біле алмадым,
Тек қана үнсіздікті құндақтайсың.

Толық оқу